Kaspi қауіпсіздік қызметі Павлодар облысының Полиция департаментімен бірлесіп, Kaspi компаниясының бұрынғы қызметкері Руслан Сексембаев алаяқтық жасады деген күдікпен қолға түсті. Тергеу және жедел іс-әрекеттер нәтижесінде күдікті 21 шілде күні Екібастұз қаласында құрықталды.
Сексембаев жылжымайтын мүлікті төмен бағамен сатып алуға көмек және жәрдем көрсетуге уәде берген. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы қаражатты өзінің жеке шотына аударуға көндірді, содан кейін жасырынып жүрген деген күдікке ілініп отыр.
Күдіктіні ұстауға
көмек көрсеткені үшін Kaspi Сексембаевтың
мекен-жайы туралы ақпарат берген азаматқа
10 миллион теңге көлемінде сыйақы төледі.
Азаматтың аты оның қауіпсіздігі және
тергеу мүддесі үшін ашылмайды.
Тергеу
аяқталғаннан кейін Сексембаев сот
алдында жауап береді. Kaspi құқық қорғау
органдарымен бірлесіп барлық қатысушыларды
анықтау және клиенттердің мүдделерін
қорғау мақсатында осы қылмыстың барлық
мән-жайларын зерделеуді және тергеуді
жалғастыруда.