Қасым-Жомарт Тоқаев Орал өзеніндегі балықтың улануы жағдайын жеке бақылауға алды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
"Оралдағы балықтың улануы бүкіл
елді дүрліктірді. 118 тонна балық қырылды,
оның 108 - і бекіре тұқымдас. Біздің балық
аулау кәсіпорындары тек 60 пайызға жұмыс
істейтінін ескерсек, бұл үлкен шығын
(шығындар). Мен бұл жағдайды бақылауға
алдым", - делінген хабарламада.
Президент
Каспий мен Оралдың әлеуетін сақтау
қажеттігін атап өтті. "Атырау экологиясы
- бұл тек облыс мәселесі ғана емес, біз
оны шешуге назар аударуымыз керек",
- деді ол.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт
Тоқаев таза ауыз сумен қамтамасыз ету
мәселесін қозғады.
"Гидравликалық
құралдар ұзақ уақыт бойы жөнделмеді.
120 ұңғыма өңірдің су ресурстарына елеулі
залал келтіреді. Олар жойылуы тиіс!"-
деді Президент.