Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына көрсеткен көмектері үшін қазақстандықтарға алғыс айтты

15 шілде, 12:21

Мемлекет басшысы Арыс тұрғындарына көмек көрсеткендерге алғысын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы жағдай күрделі екенін және үкімет қысқа мерзімде барлық жоспарланған іс-шараларды орындауға тырысатынын атап өтті. Оқиға қазақстандықтарды жұмылдырды.

"Еліміздің азаматтары, бизнес өкілдері, шетелдік инвесторлар қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетті. Бұл біздің халқымыздың бірлігінің көрсеткіші. Мен бәріне алғыс білдіремін. Премьер-министр бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауы қажет. Қорғаныс министрлігі әскери қойманы көшіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл жұмысты созбау керек. Бұл мәселені қысқа мерзімде шешу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.