Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде бірқатар тағайындаулар жасады

21 тамыз, 17:42

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.

Мемлекет Басшысының Өкімдерімен:

Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды;

Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.