Президент браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтты

23 шілде, 17:38

Бұл туралы Қазақстан Президенті twitter-де жазды, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, жауапқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін»,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, браконьерлер Қаныш Нұртазиновқа оқ атып, инспектор алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Ол небәрі 43 жаста болатын, марқұмның артында 4 баласы қалды.