Қасым-Жомарт Тоқаев Зеленскийді Қазақстанға шақырды

25 қыркүйек, 10:51

​Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский жоғары мемлекеттік қызметке сайлануға байланысты бір-бірін құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел тарихының жақындығы мен болашағының ортақтығын атап өтті. Ол Украинамен саяси және сауда-экономикалық өлшемдерде ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін айтты.

Кездесу соңында Қ.Тоқаев пен В.Зеленский бір-бірін өздері басқаратын елге сапармен келуге шақырды.