Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді модернизациялау бойынша реформа жүргізу шараларын жалғастыруды ұсынды.
"Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды.Мемлекетіміздің негізін қалаушы-Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды.Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады" деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Еске салсақ, 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы лауазымын уақытша атқару Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.
Тоқаев 2019 жылдың 9 наурызында өткен сайлау кезінде 70,96% дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісті.