27 желтоқсан, 09:39
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында орын алған ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, сондай-ақ кінәлілерді жазалауға уәде берді.
"Бүгін таңертең, 27 желтоқсанда Алматы маңында ұшақ апаты кезінде қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. А.Мамин бастаған үкіметтік комиссия құрылды. Барлық кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады",- деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында.