Лотереядан млн доллар ұтып алған Қазақстан азаматы ұйымдастырушылардың хабарламасына сол күйі жауап бермеді

23 қазан, 17:44

Қазақстан азаматы Хуссаин Еремешев күтпеген жерден табысты болды. Ер адам 22 қазанда Dubai Duty Free (DDF) лотереясында миллион доллар ұтып алды. Еремешев өзінің ұтыс лотерея билетін онлайн түрде сатып алыпты. Алайда лотерея ұйымдастырушылары бақытты адамға сол күйі хабарласа алмаған.