Ақтөбеде әйелін өлтірген соң сотты болып, жазасын өтеп шыққан тұрғын тағы да істі болды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Тұрғын досының үйіне қонаққа келіп, таңғы бестер шамасында олар жанжалдасып қалады. Осы сәтте үй иесі сыртқа шығып кетеді де, үйде қалған ер кісі досының әйелімен тағы да сөзге келіп, оның бірнеше жерінен пышақ сұғып алады. Әйел азаматы оқиға орнында көз жұмды. Үй иесі оралған сәтте досынан сұмдық жайт туралы сұрағанында оның берген жауабы шошытты. Айтуынша, ер кісі досының әйелін өз әйелімен шатастырып алыпты. Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты келіншегін өлтірген ер кісіні 12 жылға бас бостандығын айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Айта кетерлігі, досының келіншегін пышақтаған азамат бұған дейін өз әйелін өлтіргені үшін сотты болған.