Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының активіне жаңа әкім Дәурен Махажановты таныстырды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Кентауды басқарған Ғани Құрмашұлы Рысбеков ол қызметке 2019 жылдың 14 қаңтарында тағайындалған болатын.
Ғани Құрманбековтің қызметінен неліктен аз уақыт ішінде босатылғаны әзірге белгісіз.
Дәурен Махажанов 1980 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша, 2007 жылы Көкшетау университетін "қаржы магистрі"мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
2001-2009 жылдар аралығында "Казкоммерцбанк" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Альянс Банк" АҚ екінші деңгейдегі банктердің басқарушы лауазымдарында жұмыс істеді.
2009-2015 жылдары" Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ," ҚазАгроҚаржы" АҚ, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
2018 жылдың ақпан айынан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында отырды.