Кентауда мүмкіндігі шектеулі жандарды алдап кеткен келіншек ұсталды

12 наурыз, 17:15

Түркістан облысы, Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағыммен келген. Ол арызында ақпан айының соңында өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған азаматша мүгедектікке шығарып беру үшін 70 мың теңге сыйақы алып, кейін алдап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Шұғыл түрде тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер бірнеше күннің ішінде күдікті келіншекті ұстады.

"Күдікті әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің Кентау қаласының бірқатар тұрғындарын алдап, жалпы көлемі 700 мыңға жуық теңгені иемденгені белгілі болды. Бүгінде аталған іске қатысты барлық құжаттар жинақталып, сотқа жолданды." делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.