Халықаралық делегация Түркістан облысы медицинасына жоғары баға берді

06 сәуір, 13:59

Ордабасы орталық аудандық ауруханасына Қазақстандағы Дүниежүзілік Қайта Құру және даму банкінің өкілдері келді деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік Банктің "әлеуметтік медициналық сақтандыру" жобасын жүзеге асыруға көмек көрсету жөніндегі жұмыс сапары аясында халықаралық делегация Ордабасы ауданының ауруханасына барды. Медициналық жұмысшы топ құрамында Ато Браун – Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі, Марсело Бортман – Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі жетекші маман, Бақтыбек Жұмаділ – жобалар жөніндегі аға маман және Есқалиев Азат – ҚР ДСМ Жауапты хатшысының көмекшісі болды. Олар емхана базасында денсаулықты басқару орталығының (ПУЗ) қызметі мен ауылды жерлердегі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесімен танысты. Халықаралық мамандар тіркеу орнының жұмысымен, кешенді жүйе мен тегін дәрілік заттарды амбулаториялық деңгейде босату бойынша дәріхананың жұмысына куә болды. Сондай - ақ Перзентхана үйіне барды, реанимация бөлімінің жұмысымен танысты. Емханда бағдарламалық - басқарылатын аурулар орталығының жұмысымен , сондай-ақ учаскелік педиатрлардың жұмысымен, КЗР кабинтінің жұмысымен танысты.


Сапар аясында Шұбар ауылындағы "Шұбар" дәрігерлік амбулаториясына барып, жалпы практика учаскелік дәрігерлерінің жұмысын, күндізгі стационардың, фильтрдің, тікелей бақылаудағы емдеу кабинетінің(туберкулез) жұмысын көрді. Сапар барысында ауылдық медицинаның өзекті мәселелері талқыланды.