Кинотеатрлар жұмысын тоқтатады: Вице-премьер себебін түсіндірді

12 наурыз, 14:15

Елордада өткен брифинг кезінде Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов кинотеатрлардың неліктен жабылатынын түсіндіріп берді.

«Ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жұмысын тоқтататын болады. Бұл оңай мәселе болған жоқ. Фильм аз дегенде бір сағат көрсетілетінін білесіздер. Ғимарат ішінде көптеген адамның бір уақытта ұзақ болуы көптеген сұрақ туындатты, сол себепті осындай шешім қабылдадық», - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, еліміздегі сауда орталықтары, соның ішінде базарлар жұмыс істейтін болады. Мемлекет халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуі керек.