Көк-Төбедегі өрт сөндірілді

12 тамыз, 10:30

Алматыда Көк Төбе тауының баурайындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт 11 тамызда сағат 19:58-де сөндірілді.

Алматы полициясы департаменті өрт кезінде көз жұмған адамның өлімін тергеуде.

"Қазіргі уақытта Алматы полицейлері сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық іс аясында қаза тапқан адамның жеке басын және оның қаза табуының мән-жайын анықтап жатыр.Сот-медициналық және басқа да бірқатар сараптамалық зерттеулер тағайындалды, соның нәтижесінде адам өлімінің нақты себебі белгілі болады", - делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, сағат 14:28-де Алматы қаласының "101" пультіне Медеу ауданында дала өрті туралы хабар келіп түсті. Телемұнарадан шамамен бір шақырым қашықтықта таудың баурайында қураған ағаштар жана бастаған.

Сондай-ақ, өрт сөндірушілер жаяу жұмыс істегені белгілі болды. Өртті сөндіруге су ағызатын құрылғылары бар екі тікұшақ, ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ КА-32 және Алматы құтқару қызметінің МИ-8 МТВ-1 тікұшағы жұмылдырылды.