Жантүршігерлік жайт Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында орын алған. 25 Наурызда Нұрислам Тасполат "ЖРВИ"диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Ұл балаға ем тағайындалып, баланың беті бері қарай бастаған. Ауруханаға жатқызғаннан кейінгі үш күннен соң дәрігерлер балаға клизма тағайындаған.
Нұрисламның анасы емшара жүргізген медбике клизмаға ыстық қайнаған су құйғанын, содан кейін баланың қатты күйіп қалғанын есіне алды. Қазір бөбектің халі ауыр.
"Қазіргі уақытта
баланың тері жамылғысының
1% - ға жетпейтін аумағын 1-2 дәрежелі
термиялық күйік шалған. Күйік
ятрогенді жағдай ретінде тіркелді. Бала
комбустиолог пен балалар хирургінің
бақылауында. Баланың диагнозы мен
жай-күйін ескере отырып, тиісті
емдеу-диагностикалық іс-шаралары
жүргізіліп жатыр. Баланың
жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық деуге
келеді. Оң динамика бар.
Инфекциялық жағдайының
жақсаруына байланысты бала Шымкент
қаласындағы облыстық балалар ауруханасының
профильді бөліміне
ауыстырылды. Республикалық ұйымға
ауыстыру талап етілмейді. Сондай-ақ,
медициналық қызметкерлерге қатысты
шаралар қабылданды: 7 бөлімшенің 2
медбикесі мен аға медбикесі жұмыстан
босатылды", - деп хабарлады брифингте
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау
басқармасы басшысының орынбасары
Ғалымжан Әбішев.
Нұрисламның анасы
Айнұр Қаламқан баланы емшарадан кейін
көрген кезде қатты қорқып
кеткенін айтады. Әйел дереу дәрігерге
барған, бірақ ол медбикені
кабинетіне шақыруын
сұраған.
"Емшара
аяқталғанда мен баламның
денесінің қатты күйгенін
көрдім, тіпті терісі
үлбіреп еті көрініп тұрды. Мен қатты
қорқып, дәрігердің кабинетіне жүгіріп
бардым. Баланы күйдірді
деп үрейленіп айқайладым.
Ол маған "клизма жасаған медбикені
шақыр", - деп
жауап берді дейді Айнұр.
ҚР
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов
оған жағдайды шешу үшін уақыт беруді
сұрады. Ауруханада болған оқиға туралы
ол таңертең білген.