Валюта:
    • ясно 26°C

    Көлік жүргізу құқығынан айрылған азамат масаң күйде рөлге отырған

    09 тамыз, 18:01

    Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

    Шардара АПБ-нің Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты И.Дәуірбаевқа жергілікті тұрғыннан, белгісіз біреу жол ережесін бұзып, мас халде көлік басқарып жүргені жайлы шағым келіп түседі.

    Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелді.

    Аудандық полицейлер жол-апатының алдын алу мақсатында тез арада жол ережесін бұзып, басқаларға кедергі келтіріп жүрген көліктің жүрген жерін анықтап табады. Тексеру барысында, жүгенсіз кеткен жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған бола тұра, масаң күйде көлік басқарғаны айқындалды.

    Жол ережесін бұзған жүргізушінің мас халде болу дерегін анықтау үшін жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысына сәйкес, «орта дәрежелі мастық» екені расталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.