Қала әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының Гимнін жасауға шығармашылық конкурс жариялайды. Бұл байқау патриоттық сезімге тәрбиелеу, қаланың үздік нышандарын жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Қазылар алқасының құрамы белгілі композиторлар, ақындар, суретшілер, дизайнерлер мен ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен құралады.
Кәсіби және көркемөнерпаз композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық ұжымдар, сондай-ақ барлық қазақстандықтар өз жұмыстарын жібере алады.
Байқау
2019 жылдың 8 шілдесінен 10 тамызына дейін
өткізіледі. Әнұран кез келген жанрда
және орындаушылардың әртүрлі құрамы
үшін жазылуы мүмкін. Конкурсқа қатысуға
ниет білдірушілер 2019 жылғы 10 тамыздан
кешіктірмей Нұр-Сұлтан
қалалық қоғамдық даму істері басқармасына
келесі материалдарды өткізу
керек: алдын ала іріктеу үшін
толтырылған өтінім, CD-диск форматындағы
туындының аудиожазбасы.
Әнұранның
мәтінін поштаға жіберу керек
BAIKAU.KZ@MAIL.RU бұл ретте оның көлемі А4
форматындағы 1 беттен (4-5 куплеттен)
аспауы тиіс. Конкурсқа бағытталған
әнұрандар бұрын көпшілік алдында
орындалмауы тиіс және жоғары руханилықтың,
патриотизмнің, республика астанасына
деген махаббат пен мақтаныш сезімін
оятуы тиіс.
Қазылар
алқасының құрамы белгілі композиторлар,
ақындар, суретшілер, дизайнерлер мен
ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен
құралады. Байқау жеңімпазы 3 000 000 теңге
көлеміндегі дипломмен және ақшалай
сыйлықпен марапатталады. Әнұранның
бұрын жіберілген мәтіндері
қабылданбайды.
Құжаттар мына мекенжай
бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі,
11, № 528.0 кабинет.
тел.: 55-66-30.