ҰҚК есірткінің гашиш түрін тасымалдаушының жолын кесті

18 ақпан, 13:27

ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментімен аймақтық есірткі арнасында есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатыыс бар Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді «гашиш» есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды.

Өткен жылдың 9 қазанында аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 кг гашиш алумен бірге Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Исмайлов ҚР ҚК 297-бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды және қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.