Кофе пайдасыз сусын санатына енді

17 сәуір, 10:30

Швейцарияда кофе пайдасыз сусын деп танылды. Ресми Берн тіпті елдің резервтік қорлары тізімінен бұл сусынды алып тастады. Кофеде бұрын ғалымдар айтқандай адам ағзасына берер ешқандай пайдасы жоқ болып шықты.

Швейцарияда бір кездері кофе өмір сүру үшін маңызды өнім деп саналды. Кофе компаниялары соғыс, эпидемия, табиғи катаклизмдер жағдайында кофе дәндерінің қорын сақтауға міндетті болды.

Алайда, сарапшылар кофенің пайдалылығын қайта қарап, оның таза психологиялық әсері бар екенін және физиологияға ештеңе бермейтінін анықтады.
"Кофеде калория жоқ, себебі физиологиялық тұрғыдан халықтың тамақтануы үшін маңызы жоқ. Бұл өнім психологиялық себептер бойынша пайдалы болуы мүмкін. Бірақ бұл жағдай шешуші емес, міндетті сақтау тәжірибесін жалғастыру қажет", - делінген Швейцария үкіметінің ресми мәлімдемесінде.
Ел ішінде бұл мәлімдеме үлкен наразылық тудырды. Олар сарапшылардан өз зерттеулерін қайта қарауды сұрайды.