Конституциялық Кеңес таяуда өткен Президент сайлауына баға берді

20 маусым, 18:00

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы еліміздің Конституциясына сәйкес өтті, деп мәлімдеді Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәми.

“Сайлау принципі негізінде бүкілхалықтық мойындау жағдайында Қазақстанда жоғарғы билікті берудің басты процесі орын алды”, — деп хабарлады ол.

Конституциялық кеңес төрағасы билікті тапсыру тыныш және шынайы жағдайда өтті, бұл тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің халықаралық беделінің деңгейін анықтау үшін маңызды фактор болып табылады, деп толықтырды.