Мемлекеттік кірістер комитеті еліміз бойынша салық кеңесшілердің байланыс деректерін жариялады

27 қыркүйек, 14:30

Сондай-ақ, жіберілген SMS-хабарламаларда жеке тұлғалардың дербес шоттарында есептелетін өткен кезеңдер үшін артық төленген сомалар көрсетіледі.

"SMS-тарату" қызметі салық міндеттемелері туралы жеке тұлғаларды барынша қамту және уақытылы хабардар ету мақсатында пилоттық режимде іске қосылды.

Бұл ақпараттық жүйелер мен уәкілетті органдардың деректер базасын синхрондаудың арқасында мүмкін болды.
SMS-хабарламалар барынша қамтуды қамтамасыз етеді және смартфондардың, сондай-ақ кәдімгі кнопкалы телефондардың иелерін қоса алғанда, жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы хабарламаны дереу жеткізуге кепілдік береді.

Хабарлаудың тағы бір нұсқасы "Kaspi Bank" мобильдік қосымшасы болды, оның көмегімен салықтардың есептелген сомасы туралы хабарлама жіберіледі.

Сонымен қатар, 2018 жылға салық органы есептеген және 2019 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеуге жататын салықтардың (мүлік салығы мен жер салығы) сомасы туралы хабарлама азаматтарға қағаз нысанда пошта арқылы, коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің курьерлік қызметі арқылы жіберіледі. "Салық төлеуші Кабинеті" МКК сервисінің пайдаланушыларына хабарлама электронды түрде жіберілді.

Сонымен қатар, 2018 жылы жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы мен жер салығының сомасы туралы ақпаратты "Egov" ресми интернет-ресурстарында "Салық және қаржы" бөлімінде "жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу" сервисінде тексере аласыз. kgd.gov.kz "Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің және алдағы төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" сервисіндегі "барлық сервистер" бөлімінде не мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну, сондай-ақ жұмыс күндері 1414 нөміріне 09:00-ден 18:30-ға дейін мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен байланысып, білуге болады.

Жеке тұлғалар салықтарды кез келген ыңғайлы тәсілмен төлей алады: Екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде қолма-қол ақша қаражатымен немесе банкоматтарда және төлем терминалдарында банктік карталардың немесе www.kgd.gov.kz ресми сайтында электрондық сервистердің көмегімен төлеуге болады.
Анықтама ақпаратты алу үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша жүгіне алады.

Алайда, айта кету керек, мемлекеттік кірістер органдарының әрбір аумақтық бөлімшесінде анықтамалық ақпарат беретін мамандар анықталған. Олардың байланыс деректері ресми сайтта көрсетілген.