Қала базарының бірінде контрафактілі темекі өнімдері сатылған

12 тамыз, 12:41

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан "Акбар" базарында тексеру жүргізу барысында екі кәсіпкерлерден жалпы сомасы 126,8 мың теңгеге 646 қорап контрафактілік темекі өнімдерін анықтады.

Олар ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.