Коронавирус: Көз жұмғандар саны 1868 адамға жетті

18 ақпан, 11:15

Қытайда коронавирусты жұқтыру оқиғаларының саны 72,4 мың адамнан асты, оның ішінде 1868 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚХР ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комите ақпарат таратты.

Бүгінгі таңда 12,5 мың адам індеттен емделіп, ауруханадан шығарылды. Өткен тәулікте Қытайда 1886 жұқтыру жағдайы анықталып, 98 өлім-жітім тіркелген. 1701 науқас ауруханадан шығарылды. Айта кетейік, бүгінгі таңда әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 72 мың 400-ге жуықтап қалды.