Коронавирусқа байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

12 наурыз, 12:04

Елімізде коронавирусқа байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз», - делінген жазбада.