Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирусқа байланысты еліміздегі сауда орындарының жұмысы қандай режимде жұмыс істейтініне байланысты туындаған сұраққа жауап берді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Сауда нүктелерін жабуға қатысты әңгімеге келер болсақ, қазір бәрі де - базарлар да, өндіріс те жұмыс істеп тұр. Наубайханалар жабылмайды. Сауда нүктелері де, сауда алаңдары да бұрынғыдай жұмысын жалғастыра береді. Ешқандай дүрбелең туғызудың қажеті жоқ», - деді министр.