Коронавирусқа байланысты Димаш Құдайбергеннің шетелдегі концерттері кейінге шегерілді

16 наурыз, 10:00

Коронавирусқа байланысты Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры кейінге шегерілді. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев хабарлады.

«Құрметті достар! Димаш Құдайбергеннің «Arnau Tour» әлемдік турнесі аясындағы концерттері кейінге шегерілді. Коронавирус инфекциясының алдын алу шараларына байланысты Димаштың Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт пен Минсктегі концерттері басқа уақытқа шегеріледі. Жаңа мерзім бойынша біраз уақыттан соң хабар береміз. Оның бәрін қарсы алатын тарап пен ұйымдастырушылармен ақылдасу керек», - деп жазды әншінің әкесі Instagram парақшасында.

Бұдан өзге Қанат Айтбаев әрбір қазіргі күрделі жағдайда өз денсаулығына қарап, қауіпсіздік шараларын күшейту керектігін еске салды.