Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтогты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты.
«Коронавирус қаупіне байланысты мәдени-бұқаралық іс-шарараларды шектедік. Мұндай шараларды жаңа форматты өткізу жағын қарастырып жатырмыз. Мысалы, шараларды үлкен стадиондарда емес, теледидар, әлеуметтік желі арқылы өткізу жағын қарастырудамыз. Хакім Абайдың тұлғасын түсініп, ұлықтау шаралары да жаңа форматта өткізіледі», - деді министр.