Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елордада өткен брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Министрдің сөзінше мұндай шешім елімізде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында қолға алынып отыр. "Шымкент - ТМД елдерінің мәдени астанасы" жылының ашылу салтанаты әзірге қашан өтетіні белгісіз.
Еске салсақ, бұған дейін салтанатты шара Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда 20 наурыз күні өтетіні хабарланған. Оған отандық өнер иелерімен қатар ТМД елдерінің эстрада жұлдыздарының қатысуы жоспарланған.