Коронавирусқа шалдыққан Алматы облысының тұрғыны Меккеден келген

21 наурыз, 14:50

Коронавирус инфекциясы анықталған Алматы облысының тұрғыны Қазақстанға Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген, деп хабарлайды Elitar.kz.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі таратқан "қауіпті індет Талдықорған тұрғынынан анықталды" деген ақпараттың қате екенін, науқас Қарасай ауданында тіркелгенін хабарлады. 1986 жылғы тұрғын Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханаға жатқызылған, жағдайы тұрақты. Онымн жақын байланыста болған адамдар анықталған.

Айта кетейік, 21 наурыз сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 53 адамға жетті.