Қытайда коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 2 мың адамнан асты.
Қытайдың Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандар саны 74185 адамға жетті. Көз жұмғандар саны – 2004, 14376 адам емделіп шықты.
Бүгінгі таңда аспан асты елінде вирусты жұқтырған науқастармен тығыз байланыста болған 135 мың адам медициналық бақылауда. Дерттің ошағы болып табылатын Хубэй провинциясында коронавирус диагнозы қойылған науқастар саны төмендеп келеді.