Бұл туралы отандық БАҚ жазды.
Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин қызметін босатты.
"Мен тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде қалдым",-деді Жандарбек Бекшин.
Бекшиннің орнына кімнің келгені әзірге белгісіз.
Еске салсақ, Жандарбек Бекшин наурыз айының басында Қазақстанға коронавирустың қашан келетінін болжаймын деп, көптің сынына қалды.