Түркістан облысында көпбалалы ана өз қаржысына аялдама салып берді

23 шілде, 22:25

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Жергілікті тұрғын, көпбалалы ана, кәсіпкер Айымкүл Мәткәрімова өз отбасы атынан жолаушыларға аялдама соғып берді.

"Заманауи үлгідегі аялдама кент орталығында орналасқан. 2 млн теңге қаржыға соғылған бұл аялдама қоғамдық көлік күткен тұрғындарға барынша ыңғайлы" делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.