Шымкентте үйлену тойы қанды оқиғамен аяқталды

16 қараша, 12:30

​Оқиға қарашаның 14-інен 15-іне қараған түні үйлену тойы салтанаты кезінде орын алған.

Той кезінде бірнеше ер азаматтар арасында өзара жанжал туындаған. Жанжал барысында қатысушылардың бірі травматикалық қарудан екінші азаматқа қарай бірнеше рет оқ атқан. Салдарынан оның маңдайы мен ішін жарақаттанып, екіншісі оның кеудесінің артқы жағына пышақ жарақатын салған.

Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жанжал тудырғандар оқиға орнынан бой тасаламақ болған кезде "Мазда" маркалы автокөлігімен Полиция департаментінің арнайы автокөлігімен соқтығысады.

Жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізілген, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Полиция қызметкерлері жанжалдың барлық қатысушыларын анықтап, күдіктілер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.