Шардарада қалдық су қайда төгілуде

15 қаңтар, 11:56

Шардарадағы қалдық судың 70%-дан астамы қайда төгілетіні белгісіз. «Шардарасервис» МКК директоры Құрманғазы Акбаровтың айтуынша, Шардара қаласының 28% ғана кәріз жүйесіне қосылған.

Қалаланың қалған бөлігіндегі тұрғындар (негізінен жеке үйлер) жер қазып, шұңқырларды пайдалануда. Ассенизаторлар ондағы қалдықты сорып алып, алып кетеді. Ал кейін қайда төгетінін ешкім білмейді.

Ал осы тұста Шардарада 3 кәріз-тазарту жүйесі мен тазалау жүйесі жұмыс істеп тұр, олар сағатына 2 мың текше метр су қабылдай алады, дегенмен, нақты тек 300 текше метрге жуық суды ғана қабылдауда. Қалдық су аэрация мен бактерициді деп аталатын екі қайтара тазартудан өткен соң Сырдарияға құйылады. «Шардарасервис» МКК директорының айтуынша, осындай тазартудан өткен суды, аса қажет болған жағдайда ішуге де болады.

Өздерін таныстыруды қаламаған Шардара тұрғындары, бұған қоса, Шардара су қоймасына лас судың құйылып жатқанын айтты. Және су төгіліп жатқан жерді де көрсетті. Сол жерге келген «Шардарасервис» МКК директоры Құрманғазы Акбаров бұл ағын су мен жауын-шашын суы құйылатын жүйе екенін, оның Кеңес дәуірінде соғылғанын айтты.