Шымкент: Коронавирусқа қатысты сұрақтарға жауапты қайдан алуға болады?

03 сәуір, 15:00

Шымкентте коронавирусқа қатысты және жалпы төтенше жағдайға байланысты туындаған сұрақтарға 8 (7252) 33 33 47 немесе 1406 нөмері арқылы жауап алуға болады.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға карантин режимін қатаң сақтауға және вирустың таралып кетпеуі үшін үйден шықпай отыруға шақырады.

«Үйде отырып, Сіз өзгелердің өмірін сақтайсыз. Гигиена талаптарын қатаң ұстаныңыз және адам көп жиналатын жерлерге мүлдем бармаңыз. Жақындарыңыздың денсаулығы сіздің жауапкершілігіңізге байланысты. Денсаулық сақтау саласына қатысты мәселеңіз немесе қосымша сұрақтарыңыз болса 39-33-47 немесе 1406 нөмірі бойынша бірыңғай Call-center хабарласуға болады. Өз отбасыңызды қорғаңыз! COVID-19 індетін біз бірге жеңеміз! #Bizbirgemiz», - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, қалада 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі.