"Әлем аруы-2019" байқауында Қазақстан туралы көрсетілетін видеоролик жария етілді

18 қараша, 11:00

Видеоролик "Қахақстан аруы" ұлттық байқауының Youtube каналында пайда болды. Онда Қазақстанның көрікті әрі туристік орындары қамтылған, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Әлем аруы-2019" байқауында Қазақстан атынан қатысатын Мадина Батық туған елі туралы баяндайды. Видеороликте Шымбұлақ пен Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, ежелгі Сауран қаласы мен Түркістан, елорда қамтылған. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары мен қол өнері, ұлттық ойындар да назардан тыс қалмаған. Оның бәрін бойжеткен ағылшын тілінде таныстырады.

Еске салсақ, биыл 69-шы рет ұйымдастырғалы отырған «Әлем аруы-2019» байқауы 14 желтоқсанда Лондонда өтеді. Сұлулық сайысында әлемнің 125 елінен келген арулар бақ сынасады. Қазақстан атынан павлодарлық 19 жастағы бойжеткен Мадина Батық қатысады. Ол биыл мамыр айында өткен "Қазақстан аруы-2019" байқауының жеңімпазы.