​Леңгір: Өмір үшін арпалыс

15 наурыз, 09:30

Көктем келді, бірақ, жылу маусымы әлі аяқталған жоқ. Құтқарушылардың айтуынша, қазір үйлер мен пәтерлердегі жылыту құралдарын тексеретін нағыз уақыт. Мамандар рейд басталғалы бері жүздеген шатырға шығып тексерді, бірақ, әлі аяқталған жоқ.

Леңгірде үй жылытатын құрылғылар бойынша ауқымды рейд жүруде, төтенше жағдай қызметкерлері тазаланбаған мұржалармен қоса құрылғылардың дұрыс орнатылмауымен де күресеміз дейді.

«Тұрғындар көбінесе көршілерінен көмек сұрайды, хабарландыру бойынша шақырады, мамандарға үнемі хабарласа бермейді. Ал негізі өз қауіпсіздігі үшін ең алдымен арнайы қызмет өкілдеріне қоңырау шалуы тиіс», - дейді ТЖ маманы Мәлік Маханов.
Дәреже Ботбаеваның үйіне құтқарушылар екінші рет келуде, мамандардың айтынша, бұл азаатша көрсетілген олқылықтың барлығын дер кезінде жөндеп, тіпті, жаңа автоматты қазандық сатып алған. Үй иесі отбасының қауіпсіздігі мен өмірі бірінші орында тұратынын, кішкентай немересі үйіне жиі қонаққа келетінін айтады, сондықтан, тәуекелге бас тіге алмайды. Осы мақсатта қызметкерлердің барлық ескертпесін орындап, қазандық алғанда кеңестерін де ескерген.
«Өте жақсы қазандық, керек кезінде өзі өшеді, бізге маман орнатып берді. Бұған дейін пешіміз болған еді, оны алып тастауға кеңес бергенде өзіміз үшін орындадық», - дейді Леңгір қаласының тұрғыны Дәреже Ботбаева.
Мұндай рейдтер әр тоқсанда бір рет өтіп тұрады, келесі тексеру маусымда болады. ТЖ маманы Қуат Махановтың айтуынша, тұрғындар жиі бұзатын ережелер – тазаланбаған мұржалар, өз бетінше орнатылған желдеткіш жүйелері. Мамандар ең алдымен осыларды тексереді. Кейде олқылықты өз қаржыларына жөндейді.
«Анықталған олқылықты дереу жөндеуге тырысамыз. Егер адамдардың ақшасы жоқ болса, кейде өз қаржымызға істейміз», - дейді маман Қуат Маханов.
Рейдке еріктілер де қосылып, көпқабатты үйлердің аулаларында өрт шыққанда не істеу керегі туралы нұсқаулықтар таратты.