90-дағы кейуана көлемі кокоспен бірдей лимон өсіруде

18 наурыз, 20:00

Ағаштардағы ашық-сары жемістің естен кетпейтін жұпар иісі мен лимонға ұқсас, грейпфруттың ерекше бірегей дәмі бар. Шымкенттік бағбандар ерекше жеміс өсіріп, дәмін татқызып, таң қалдырып отыр! Elitar.kz тілшісі Алиса Бойко сондай бағбанда қонақта болды.


Лидия Бабенконың жылыжайы ашық-сары түстес цитрус жемістерінің жұпар иісіне толы. Ақсукенттің тұрғыны күн сайын уақыт бөліп, аласа, ірі жасыл түстес жапырақтары бар бұталарына күтім жасайды. Бұл жеміс ағаштары жыл он екі ай жеміс беруде. Лимон мен помелоның буданының қабығы қалың, дәмі грейпфрутқа ұқсас, тәтті-қышқыл. Лидия Николаевна ерекше жемістерін мүлде сатпайды, бірақ, көршілері, туыстары мен қонақтарына шын көңілімен сыйлайды.
«1972 жылы алғашқы өскін шықты, кейін оны үсік шалғанда қайта бүр жаруын тілеп, Құдайдан мың сұрадым», - дейді Лидия Бабенко.


Бағбан бір ағаштан 35-ке дейін жеміс жинайды, мәңгі жасыл ағаштар ұзаққа созылған суық пен құрғақшылықты сүймейді. Ал былайша тым кірпияз емес, дейді Лидия Николаевна.
«Цитрона» өскінін Ташкенттен алып келген, жанында тағы бір шетелдік ағаш өсіп тұр. Оны жылыжай иесі 1975 жылы алып келген. Лавр ұрықтары Абхазияның Пицунда қаласынан Шымкентке жеткізілген.
«Пицунда бұл бұта ағаш-шарбақ секілді өсіріледі, сол жақтан ұрығын жинап алып, қаламызға алып келдім», - дейді Лидия Бабенко.
Лавр бір жазда алып ағашқа айналып, 2-3 метрге өседі. Сондықтан, оны бұтап тұру керек. Бүгінгі таңда ол медицинада таптырмас шикізат және көптеген аспаздың сүйікті дәмдеуіші. Ал Лидия Бабенко жасы 90-ға жуықтағанына қарамастан жерлестерін ерекше, ең бастысы, пайдалы өсімдіктер және жемістерімен қуанта беремін дейді.