Қаланың мәдени бұрышына айналған - Арбат демалыс аймағы спорт алаңшасына айналып кеткен. Әрбір метрде кәсіпкерлер "соққыңды тексеріп көр" аттракционын орнатып тастаған. Жазда бұл жерден музыканттар не үшін қуылғаны енді белгілі болып отыр. Демек спортқа көбірек мән беріледі. Мұндай ойын-сауық аттракционы өтіп бара жатқан тұрғындардың да ашуын тудырып отыр.
Әрбір аяқ аттам жерден "күш-жігеріңді тексеріп көр" ұсынысы бар қызыл қорапшалардың фотосын Шымкент тұрғыны Азрет Тохчуков өзінің желі парақшасында бөлісті. Айта кету керек, о баста Арбат мәдениетті шаралар өткізуге арналған таптырмас орын болады делініп еді, алайда басқа нүктеге айналды.
Шымкент Арбатына баратын адамдар суретшілерді, әншілерді көруге үміттенеді. Бірақ көбінесе қайыршылар мен гүл, ойыншық сатушыларды, тіпті аттарды көреді. Еркін Кахаров есімді желі қолданушысы өзінің Facebook парақшасында демалыс орнында тұяқты жануарлармен кездескені туралы жазды.
"Бүгін Шымкенттегі Арбатта серуендеп қайттым. Ыңғайлы орындықтар, жарқырап тұрған жарықшамдар, ерекше күтілген аяқ жолдар. Бірақ ақылы фото үшін итін тықпалағандар мен аттар шамға тиеді. Олар тура адамдар жүрген жерде қажетін өтейді. Онда балалар ойнап жүреді. Әрмен қарай "дартс дәлдеу" мен "күшті соққы" сынды арзан аттракциондарды көресің. Шыны керек қала үшін, Арбат, арбаттық арзан "диснейленд" пен Арбаттың идеясына қайшы келетін жергілікті ойын-сауық индустриясы үшін ұялдым...", - деп жазған Еркін Кахаров жергілікті билікке осы мәселеге назар аударуды сұрады.
(Еркін Қахаровтың видеосынан кадр)
Айта кетерлігі, бұған дейін жергілікті қолөнершілер Арбатта отыруға өтініш тастаған болатын. Алайда жылқылар мен аттракциондардың қасында олар жеңіліс тапқан секілді.