Нұр-Сұлтанда LRT құрылысын салу кещінде қаржы жымқыру жайтына қатысты қылмыстық істің тергеу шаралары аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов тілшілер сауалына жауап бере отырып.
"Қылмыстық істі тергеу аяқталды. Жасырынып жүрген күдіктілерге қатысты іздеу шаралары жалғасуда. Анықталған шығын сомасы 5,7 млрд теңгені құрады. Үш адамға іздеу жарияланған. Бүгінде материалдармен танысу жүріп жатыр, осыдан кейін іс сотқа жолданады. Бұл бойынша ашық сот отырысы өтеді",- деді ол.
Одан өзге департамент басшысы аталған іс бойынша 10-нан астам адамның жауапкершілігі тексеріліп жатқанын атап өтті.