Мемлекет басшысы Президент жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Құжатта Ата Заңның 44-бабы 20-тармақшасына сай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылсын делінген. Осы жарлыққа сай 1 ай ішінде Президент әкімшілігі саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізіп, тиісті ережені енгізуі тиіс.
Аталған кеңестің алғашқы отырысы алдағы тамызда өтеді. Бұл туралы ант қабылдау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады.