Ұлыбританияда вице-министрден коронавирус анықталды

11 наурыз, 16:34

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары әрі депутат-консерватор Надин Дорриске коронавирус диагнозы қойылды. ВВС хабарлауынша, шенеунік Парламент мүшелері арасында аталған індетті жұқтырған алғашқы адам. Қазіргі таңда үйінде карантинге жабылды.

Надин Дорис өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі онымен қарым-қатынас жасаған адамдарды бақылай бастағанын және департамент пен оның парламенттік кеңсесі денсаулық сақтау қызметі берген кеңестерге құлақ асу керектігін жазды. Одан өзге вице-министр бірге тұратын 84 жастағы анасы үшін алаңдаулы екенін айтты.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, Ұлыбританияда коронавирустан 6 адам көз жұмған. Қауіпті індетті жұқтырған адам саны 324-ке жетті.