Өзбекстанның Бас прокуратурасы аюдың мәйіті түсірілген бейнежазбаға түсініктеме берді. Жергілікті БАҚ жануардың соққыға жығылғанын хабарлады.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 мамыр күні аю Қашқадария облысы Чиракчин ауданының "Лангар" махаллына кіріп кетті. Түз тағысы үй маңындағы учаскелерді таптап, жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төндірген.
"Жыртқыш Х.
Тұраев, Р. Сулейманов, Х. Ачилов және
т.б. үйлеріне кіріп кетіп, өзін агрессивті
тұтқан. Көмекке ауылда аңшы ретінде
ресми тіркелген Қ. Сулайманов шақырылды.
Ол 16 калибрлі ИЖ-17 мылтығымен аюды атып
тастаған",-деп хабарлайды баспасөз
қызметі.
Оқиға орнына келген
инспектор аюдың денесін аудан орталығына
алып кетті. Онда жануар ветеринария
бөлімінде қаралып, құтыру ауруына
тексеру үшін зертханаға берілді. Милиция
жануарды өлтіру қажеттігі бар-жоғын
тексеретін болады.