Желіде Нұр-Сұлтан қаласында рұқсат етілмеген митинг кезінде ер адамның тәртіп сақшыларының соққысынан қаза болғаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын.
Ведомствоның хабарлауынша ол тәртіп сақшыларының соққысынан емес, есінен танып қалғандықтан жерде жатқан.
Полиция қызметкерлері
дәрігерлерді шақырып, олар
келгенше алғашқы көмек көрсеткен.
Нәтижесінде, ер адам есін
жиып, ол жерден өз аяғымен кеткен.
Бұл
ретте, астаналық полиция департаменті
көрінеу жалған ақпаратты тарату ҚР ҚК
274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке
тартылатынын ескертеді.
Аталған
факті бойынша кінәлі тұлғалар
іздестірілуде.