ІІМ орынбасары Бишімбаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді

14 қазан, 12:13

​ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бұрынғы Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін журналистер сауалына жауап беру кезінде айтты.

"Сот шешімі шықты. Жоғарғы сот бұл іске қатысты мән-жайды түсіндірген болатын. Жоғарғы соттың шешіміне қатысты пікір білдіруге құқым да, құзыретім де жоқ. Бәрі заң шеңберінде болды. Қандай нормативті құжаттардың қабылданғаны туралы мән-жайдың бәрі түсіндірілген. Алғашқы үкімге қатысты шағым қаралып, сот отырысы өтті. Сотталу мерзімі менің білуімше 4 жылға дейін қысқарған. Ол мерзімнің үштен екі бөлігін өтеген. Жылдан астам уақыт қалған. Осы мерзімді өтеу оған жеңілдетілген», - деді вице-министр.

Бостандыққа шыққан Бишімбаев пробациялық бақылауда болады.

Еске салсақ, 2018 жылдың 14 наурызында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны Қызылордада шыны зауытының құрылысы кезінде қаржы жымқырып, бірнеше пара алғаны үшін кінәлі деп тапты.

2018 жылдың 29 желтоқсанында Түркістан облысы, Төлеби аудандық сотының судьясы Бишімбаев адвокаттарының сотталушыны жалпы режимдегі колонияға ауыстыру туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды. Бишімбаев та бұл туралы өзі өтініш түсірген. Қаңтар айында бұрынғы министр Шымкенттегі қауіпсіздік деңгейі орташа колониясына ауысатыны хабарланды.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілердің мәліметінше, 2019 жылдың ақпанында бұрынғы шенеунік Презиентке рақымшылық жасау туралы өтінішін тастап, жаза мерзімін қысқарту туралы өтініші қанағаттандырылды. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарау кезінде сотталған адамның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінездемесі, сот талабын өтеу, кінәні мойындау және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі өтеу қажеттілігінің жоқтығы туралы куәландыратын басқа да мән-жайлар ескеріледі.

Қуандық Бишімбаев кәнісін толығымен мойындап, іс-әрекетіне өкініш білдірді. Сот берген талапты өтеген. Жазаны өтеу мерзімінде Бишімбаев оң мінездеме алып, мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді қатысты.