Мұқағали Мақатаев жайлы көркем фильм жарыққа шығады

17 маусым, 17:00

"Қазақфильм" ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы көркем фильмнің түсірілімін бастады, деп хабарлайды киностудия сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Фильмнің режиссері - танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде.

«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында»,- дейді фильмнің режиссері Қалымбетов.

Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.