12 наурыз, 17:00
ҚР Ұлттық Экономика бірінші вице-министрі лауазымына Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
М.Әбілқасымова 1978 жылы туған. Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Халықаралық экономикалық байланыстар», Колумбиялық университетті «Экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша Халықаралық байланыстар магистрі дәрежесімен, Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебін мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен тәмамдаған.
1999 жылдан 2001 жылға дейін — ҚР стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы.
2003-2004 жылдары — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының бас маманы, басшысы.
2004-2006 жылдары — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты сараптау департаментінің директоры.
2006-2008 жылдары — ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2008-2011 жылдары — ҚР Президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлеме және сараптама орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2011-2013 жылдары — ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012 жылдан бастап — Дүниежүзілік банктегі Қазақстандық басқарушының орынбасары.
2013-2014 жылдары — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2014-2018 жылдары — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.
2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың ақпанына дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.