Бұл туралы Білім және ғылым министрі Парламент Мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.
«Мектептерде магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 АЕК көлемінде қосымша ақы қарастырылған. Бұл норма 5 мыңнан астам педагогтарымызға қатысты болады, сондай-ақ аталған академиялық дәрежесі бар жаңа мамандарды тартуға бағытталмақ», - деді министр.
Айта кетейік, еліміздің бас педагогы жаңа заң жобасын таныстыру кезінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсірілетінін айтты. Бұдан бөлек, педагогикалық шеберлік үшін де үстеме төленеді. Сонымен қатар педагогтардың еңбек демалысын ұзарту мәсеесі де аталған заң жобасына еніп отыр. Аймағамбетовтің айтуынша, барлық педагог үшін еңбек демалысын 56 күнге ұзарту, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу қарастырылып отыр.