Шымкент - қызғалдақтың отаны

02 мамыр, 15:34

Жақында ғана әлеуметтік желілердің ленталары қызғалдақ фотосуреттерімен көмкерілген еді. Енді қалалықтар жабайы қызғалдақ (мак) алқабына ағылуда.

Шымкентте жабайы қызғалдақтар алқапта жайқалып өсіп тұр. Оған арнайы суретке түсу үшін баратындар көп. Мысалы, мына кадрлар Түркістан бағытындағы тас жолдың жанында жасалған. Фотографтар қызғалдақпен суретке түсу үшін ақ немесе қызыл көйлек киген абзал дейді.

Қызғалдақ адамның көзін қуантып қана қоймай, бойына қуат беретін қасиетке ие. Бойдағы тіл мен көзден аластайды деген сенім бар.

Егер қызғалдақтың бұл түрімен суретке түскіңіз келсе, асығыңыз! Бір аптадан соң қызғалдақтар өз күлтелерін жабады.